Құлсарыдағы ауыз судың сапасы талапқа сай

13 Сәуір 2024, 20:38
472
Бөлісу:
Құлсарыдағы ауыз судың сапасы талапқа сай
Фото: - архив

Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары үнемі су сынамаларын алып, тұрақты қадағалауда ұстап отыр, - деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Жалпы ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. Аудандық МСЭБ бөлімінің қызметкерлері сынаманы тәулігіне екі рет алып отыр. Мамандар Ұлы Жем өзенінің суынан да сынама алып, қадағалауда.

Біздің мамандар күн сайын су мен өнімдердің сынамаларын алады, олардың құрамынан қауіпті заттар табылған жоқ. Тұрғындардың аудандағы ауыз судың сапасына алаңдауына еш негіз жоқ, - деді МСЭБ аудандық бөлімінің басшысы Бақыт Елеусінова.

Өзгелердің жаңалығы