Құлсарыда газға тұншыққан ана: Балалардың бір әрекеті өмірін сақтап қалды

Құлсарыда балалар дер кезінде полиция шақырып аналарының өмірін құтқарып қалды.

 pexels.com Бүгiн 2026, 10:30
Бүгiн 2026, 10:30
121
Фото: pexels.com

Құлсарыда балалар полицияға дер кезінде хабар беріп, газға уланған аналарын аман алып қалды. Пәтер есігі бұзылып, әйел жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, 22 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Құлсары қаласында аулада ойнап жүрген балалар үйлеріне кіре алмай тұрғанын полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне көршілер пәтерден газдың иісі шығып жатқанын жеткізген. Қауіптің жоғары екенін түсінген тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, пәтер есігін бұзып кірген. Ішінен ес-түссіз жатқан 47 жастағы әйел табылып, полицейлер жедел-жәрдемді күтпестен оны қызметтік автокөлікпен ауруханаға жеткізген.

Тексеру барысында пәтердің ас бөлмесінде газ плитасының бұрандалары ашық қалып, газдың таралғаны анықталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнында қауіпсіздік шараларын қабылдап, газ-авариялық қызметті шақырды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, балалардың дер кезінде хабар беруі қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх