Құлсарыда әлі қанша үй су астында отыр? - Әкім жауабы

23 Сәуір 2024, 11:50
224
Бөлісу:
Құлсарыда әлі қанша үй су астында отыр? - Әкім жауабы
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласында әлі 2,5 мыңға жуық үй су астында қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жем өзеніндегі су деңгейі азайып жатыр. Өзеннің тасуына байланысты 2920 үй су астында қалды. Ондағы суды сорып, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығару жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 1 млн текше метрден астам су шығарылды. Нәтижесінде 518 үйді және 55 әлеуметтік нысанды су астынан шығардық. Қалған жұмыстар 24 сағат бойы жүргізіліп жатыр. Апта соңында осы жұмысты аяқтауды жоспарлаудамыз, - деді Шәпкенов үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы