Құлсары қаласынан 31 009 адам эвакуацияланды

9 Сәуір 2024, 11:47
711
Бөлісу:
Құлсары қаласынан 31 009 адам эвакуацияланды
Фото: ОҚК

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда Жылой ауданы, Құлсары қаласында 2680 нысанды су басқан.

Арнайы комисся құрылады. Қазіргі таңда 231 техника, 1198 жеке құрам,18 дана жүзу құралы, 19 су сору құралы жұмылдырылды. ТЖМ арқасында бөгеттерді көтеру жұмыстары, сонымен қатар қаптарға топырақтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде Құлсары қаласындағы 7-ықшам ауданындағы 502 тұрғын-үй, 7 әкімшілік ғимарат, 6 білім беру нысандары, 1 жеке емхана су басуына жол берілмеді. Құлсары қаласынан 31 009 адам көшірілген, - деді Жантөре Демешов.

Эвакуацияланған тұрғындар Маңғыстау мен Атырау облысының басқа аймақтарына орналасқан.

Маңғыстау облысына 20821 адам, Теңіз вахташылар қалашығына 7445 адам, Атырау қаласына және басқа аудандарына 2743 адам көшірілді. Құлсары қаласында уақытша ашылған орындарға 274 адам орналастырылды. Жылыой ауданында оқиға орын алғалы 203 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді. Жалпы су тасқыны басталғалы 125 хабарлама түсті. Оның ішінде 179 адам құтқарылылды,-деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы