Нұр-Сұлтанда құлақтандыру жүйелері тексеріледі

10 Шілде 2019, 14:01
2606
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда құлақтандыру жүйелері тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең елордада электродабылдар қосылып, Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылғы 11 шілдеде сағат 09-55 электродабылдарды қосып, Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізетіні туралы хабарлайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады

Өзгелердің жаңалығы