Қуаныш Шонбай: Саясат халыққа жүрегін ашатын уақыт келді

6 Ақпан 2023, 16:21
1364
Бөлісу:
Қуаныш Шонбай: Саясат халыққа жүрегін ашатын уақыт келді

Бұл туралы Respublica партиясының тең төрағасы Қуаныш Шонбай елордада өтіп жатқан партияның съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір сайлауалды науқан болып жатыр. Бәрі өз бағдарламаларын жасайды. Айтпай-ақ қояйын, ойнап жүрген партия жоқ, бәрі өз жұмыстарын істеп, консультанттар жалдап, бағдарламасы мықты мамандарды тартуда. Бағдарламада проблема жоқ, ол болады. Білімде болсын, медицинада болсын, ауыл шаруашылығы сынды  кез келген салада бағдарлама болады. Бірақ ол бағдарлама өзгереді. Өйткені уақыт өзгеруде. Әлемді білесіздер, ковидтің кезінде бәрі өзгерді ғой. Менің ойымша, «не істеу керек?» деген нәрсеге қарағанда «Қалай істеу керек?» деген сұраққа жауапты іздеген жөн. Оны қалай іздейміз? Қазір елімізде саяси өзгерістер сұранып тұр. Заң қабылдануда, сайлау бойынша бақылаушылар қаралуда, - деп атап өтті партияның тең төрағасы.

Айтуынша, саясатта басқарушы билік тарапынан өте үлкен проблема бар.  

Бірақ саясатта байқалмай жатқан өте үлкен нәрсе бар. Ол – басқарушы адамдар - биліктегілер халыққа өзінің басымен халыққа сәл тәкаппарланып қарауында, ақыл айтуында. Ең үлкен проблема осында. Әр қазақ – ол үлкен тағдырдың иесі, үлкен шежіренің жалғастырушысы. Ол бір статистикаға құрбан бола алмайды. Халыққа тек баспен шүйкеленіп қарау – «вариант». Отыз жыл сөйтіп (тәкаппарланып – ред.) келдік. Енді саясат халыққа жүрегін ашуы керек, - деді Қуаныш Шонбай. 

Өзгелердің жаңалығы