Қуаныш Бейсеков «Ирина Кайратовнадан» кетті

17 Желтоқсан 2022, 13:47
1416
Бөлісу:
Қуаныш Бейсеков «Ирина Кайратовнадан» кетті
Фото: BAQ.KZ

«Ирина Кайратовна» тобының продюсері және режисері Қуаныш Бейсеков жобадан кетті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кука есімімен танымал Қуаныш Бейсеков жобадан кеткені туралы былай деп жазба қалдырды.

Мен жазба сирек саламын, сол себепті осы сәтті пайдаланып оқырмандарымды тәуелсіздікке жеткен күнімізбен құттықтағым келіп тұр. Ұлтымызды таңдамасақ та, қазақ болып, тәуелсіздікті енді алған заманда жайдан-жай туылмағанымды күннен күнге қатты сезініп келемін, - деп бастады ол сөзін.

Ол жобадан кетіп, әрі қарай немен айналысатынын да айта кетті.
 

Тағы да айтарым, мен @irinakairatovna жобасынан кеттім. Әрі қарай өзімнің @yelimai.education қорым арқылы қазақ тарихы пен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге бәріміз үлкен заттарды армандап, суық Астанада жұмысымызды бастап едік. «Ирина Кайратовна» - әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба. Алдияр, Азамат, Илья, Жасұлан және Ұланға үлкен рақмет, сендерсіз қайда болатынымды білмейді екенмін, - деп жазды Қуаныш Бейсеков.

Кука қолынан келгенін жасағанын және жаңа белестерге жол тартқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы