Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа іліге ме?

11 Маусым 2025, 11:25
1419
Бөлісу:
 Жоғары сот
Фото: Жоғары сот

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Қуандық Бишімбаев Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланатын рақымшылыққа ілікпейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы әзірленді. Осыған орай 4 мыңнан аса сотталушыға рақымшылық жасалады.

Жоқ, ол амнистияға ілінбейді. Өліммен байланысты қылмыс жасағандар бұл тізімге кірмейді. Тіпті жол апаты кезінде байқаусызда өлімге алып келген жағдайлар бойынша да рақымшылық жасалмайды. Ал қасақана өлімге әкелу жағдайлары да амнистияға жатпайды. Бұл депутаттардың шешімі, – деді Әсет Шындалиев.

Сонымен қатар, рақымшылық жасау әрекетіне әлеуметтік осал адамдар санатынан 629 адам (барлығы 2373) жатады, олардың 57-сі босатылады және 572 адамға мерзім қысқартылады.

 Заң 833 әйелге де қатысты болады: 109-ы толық босатылса, 724-інің жазасы қысқартылады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолдаған болатын. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ қанша адамға рақымшылық жасалатынын айтқан еді.

Еске салайық, осыған дейін депутат Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме деген сауалға жауап берген болатын. Сонымен қатар, әйелдер амнистияна қатысты шолу дайындалды. 

Өзгелердің жаңалығы