ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысы 20% өседі

11 Ақпан 2023, 16:33
1660
Бөлісу:
ҚТЖ қызметкерлерінің жалақысы  20% өседі
Фото: ҚТЖ

Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 20% артады. Ал алдағы 3 жылда өндірістік персонал жалақысының жиынтық өсімі 81% құрамақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ кірістері уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін реттелетін тарифтер есебінен қалыптастырылатын табиғи монополия субъектісі болып табылады. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес монополистке 5 жылдық кезеңге бір рет тарифтер бекітіледі. Мәселен, 2023 жылға арналған тарифте қызметкерлердің жалақысын 4% арттыру көзделген. Компания 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылар жалақысын 5% арттырды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап монополистің бекітілген тарифін оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін инфляцияның нақты деңгейін ескере отырып, жалақының өсуі есебінен өзгертуге мүмкіндік беретін жаңа нормалар енгізілді.

Заңда берілген мүмкіндіктерді назарға ала отырып, компания қазіргі уақытта жалақыны өсіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жұмыс істеп жатыр.

1 наурыздан бастап ҚТЖ өндірістік персонал үшін жалақыны қосымша 15% арттыруды жоспарлап отыр.

Осылайша, өткізілген іс-шаралар нәтижесінде компания қызметкерлерінің табысы 2023 жылы орта есеппен 20% артады. Сонымен қатар»Наурыз«мерекесіне 1 АЖМК (айлық жалақының минималды көлемі) мөлшерінде сыйлықақы төленетін болады. Әлеуметтік пакетті жақсарту және теміржолшылардың қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Жоспарланған өсімді ескере отырып, 2023 жылғы наурыздан бастап 3 жыл ішінде өндірістік персонал жалақысының жиынтық өсімі 81% құрайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы