ҚТЖ қызметкерлері мен полицейлердің арасында болған төбелеске қатысты тергеу басталды

ҚТЖ қызметкерлері мен полицейлердің арасында болған төбелеске қатысты тергеу басталды
19744

Ақмола облысының прокуратурасы 20 тамызда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері арасындағы футбол матчы кезінде болған төбелеске түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 тамызда Бурабай ауданының полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінде.

Ведомствода өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын атап өтті.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы