"ҚТЖ" мен "Оператор РОП"-та Әлия Назарбаеваның үлесі бар ма? – министрлер жауап берді

19 Желтоқсан 2023, 17:11
879
Бөлісу:
"ҚТЖ" мен "Оператор РОП"-та Әлия Назарбаеваның үлесі бар ма? – министрлер жауап берді
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Әлия Назарбаеваның "ҚТЖ" мен "Оператор РОП" компанияларында үлесі бар ма?  Бұл сұраққа Көлік министрі Марат Қарабаев пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаеваның "ҚТЖ-да" жолаушы билетін сатып алу бағдарламасы бойынша бизнес үлесі болған. Біздің мәліметіміз бойынша. Сондай-ақ қоқыс шығару жүйесінде де бизнесі болған. Қазір осы кәсіпорындарда Әлия Назарбаеваның үлесі бар ма?, - деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Экология министрінің сөзінше, қоқыс шығару қызметінде Назарбаеваның үлесі қалмаған.

Қазір "ӨКМ Операторы" – 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорын. Бұған дейін жеке меншік кәсіпорын болған. Сол адамның кәсіпорны болған шығар. Ол жағын нақты білмеймін. Бірақ бүгінде "ӨКМ Операторы" мемлекеттік кәсіпорын ретінде жұмыс істейді. Мен мұны ресми түрде мәлімдеймін. Қоқыс шығару компаниясы бойынша да, қоқысты қайта өңдеу, сұрыптау бағытында да Әлия Назарбаеваның қатысы жоқ, - деді Ерлан Нысанбаев.

Көлік министрі Марата Қарабаев та қазір "ҚТЖ" ұлттық компаниясында Назарбаеваның үлесі жоқ екенін мәлімдеді.

Біз қосымша анықтадық. Сіз атаған тұлғаның бүгінде "ҚТЖ" ұлттық компаниясының қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Компания құрылымында оның ешбір үлесі жоқ, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы