Сыртқы істер министрлігі Бурятиядағы кеніште Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қар көшкіні салдарынан 1990 жылы туған Қазақстан азаматы А. Тицкийдің қаза болғанын растайды. Қазақстан елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен тікелей байланыста. Мәселе министрліктің бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.
Ресейлік қызметтердің мәліметінше, оқиға кезінде учаскеде технологиялық жолды тазалаумен айналысқан тоғыз адам болған. Олардың үшеуі өз бетінше шыға алды.
Қалған алты адам түнгі іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде өлі табылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдегі қар көшкінінен Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды: Жарылыс сәтіндегі видео жарияланды
Абай облысында зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 7 адам зардап шекті