ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы тағайындалды

25 Сәуір 2019, 15:25
2007
Бөлісу:
ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 

Ақмола қаржы-экономика техникумын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 

1996-2010 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық комитетінің құрылымында жұмыс істеген. 

2008-2010 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы. 2010–2012 жылдары Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің басшысы.

2012-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасының орынбасары. 2014 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 23 сәуірге дейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.



Өзгелердің жаңалығы