Премьер-министрдің бірінші орынбасары тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

 gov.kz Бүгiн 2026, 08:52
Бүгiн 2026, 08:52
224
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары «Қазақойл-коммерция» ЖШС-де мұнай және мұнай өндіру саласының сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жекеменшік коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары – Қызылорда қаласының, Қызылорда облысының әкімі.

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 7 сәуірден бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

5 мамыр күні Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалды.

Наверх