ҚР Премьер-министрі танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты

27 Наурыз 2022, 20:23
1558
Бөлісу:
ҚР Премьер-министрі танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов танымал журналист Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Үкіметтің Телеграм каналы хабарлады.

Отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосқан танымал тұлға Батыр Кәкімжанұлы Қазыбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстары мен әріптестеріне ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Асыл азаматтың ақжарқын бейнесі еліміздің ақпарат саласындағы аса талантты медиа-менеджер ретінде қалдырған өшпес мұралары мен еңбектері арқылы есімізде мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы саламат болсын!, - деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы