Қазақстанның соңғы жаңалықтары

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

24 Маусым 2025, 16:45
771
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
PHOTO
Фото: коллаж BAQ.KZ

Астананың жарқыраған көшелері мен сәнді даңғылдарының артында көзге көріне бермейтін қажырлы еңбек жатыр. Елорданың тазалығына жауапты басты мекеме — "Астана Тазалық" ЖШС тәуліктің қай уақытында болсын қаланың тыныс-тіршілігі тоқтамауын қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Астана Тазалық" қызметкерлері қар түскен алғашқы сәттен бастап, көктемгі еріген судан, жаздың шаңды күндерінен, күзгі жапырақтардан қаланы аршып, тазартуға күш салады. Қала аумағында жалпы 40%-ға жуық көше тазалығын осы мекеме қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, Мәңгілік ел, Тұран, Қабанбай батыр секілді үлкен даңғылдар мен Республика, Тәуелсіздік алаңдары, ірі мешіттердің маңындағы аумақтар олардың күнделікті бағытына кіреді. Мекеменің атқарып жатқан жұмысымен танысу үшін арнайы ат басын бұрдық.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Қаланың көшелерін тазалап, арнайы шаңсорғышы бар техникалар бірден көзімізге түсті. 2024 жылы мекеме жаңадан 50 техникамен жабдықталған. Жалпы 420-дан аса техникамен қамтамасыз етілген.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Қазіргі таңда бізде Еуропадан алынған жаңа техникалар бар. Бірақ тек техникамен мәселе шешілмейді. Қанша жаңа техника алсақ та, қанша жаңа ғимарат салсақ та, ең бастысы халықтың сана-сезімін өзгерту. Бұл тек біздің мекеменің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, ең маңыздысы халықпен үгіт-насихат жұмысын жүргізу, - дейді "Астана Тазалық" ЖШС бас директоры Замир Сағынов.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Мекеме бір тәулікте 3 ауысыммен жұмыс істейды. Бір ауысымда яғни қазір жаз уақытында 150-ге жуық техникамен 500-дей қол жұмысшылары жұмысқа шығады. Қыста бұл көрсеткіш екі есеге көбейіп, яғни 340-400 техника мен 720-800 дей қол жұмысшылары шығады.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

"Астана Тазалық" биыл көктемде елордадағы қала тазалығына белсенді араласып жүрген тұрғынмен бірлесіп, қызықты эксперимент өткізеді. Мәңгілік Ел даңғылының бір шақырымдық аумағын бір тәулік бойы тазаламаған. Нәтижесінде, 6112 темекі тұқылы, 638 бөтелке мен 400 балмұздақ қаптамасы және басқа да тұрмыстық қалдықтар жиналған. 

Бұл тек қана сол жол жиегінен шыққан қоқыс. Мұның өзі қала тұрғындарының көшені қаншалықты ластап жатқанын көрсетеді. Мысалы, энергетикалық сусындар мен балмұздақ қаптарын негізінен жастар тұтынады. Осыдан шығатын қорытынды біз тек тазалық жұмыстарымен шектеліп қалмай, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру үшін қосымша жұмыстар жүргізуіміз керек. Қазіргі кезде біздің салада жұмыс істейтін жүргізушілердің жасы үлкен. Жас мамандарды тарту қиын болып тұр. Бұл қазіргі кездегі басты мәселелеріміздің бірі, - деді Замир Сағынов.

Мекеме маңында жұмысшыларға арналған арнайы жаңа жатақхана салынған. Бұл жатақхана 35 адамға арналған. Ішінде медициналық тексерістен өтетін арнайы бөлме бар.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Алдағы уақытта қызметкерлерге арнап тағы да жатақхана салуды жоспарлап жатырмыз. Одан бөлек "Отбасы банк" АҚ-мен бірге қызметкерлердің үй алу мәселесі бойынша меморондумға қол қойғалы жатырмыз. Яғни, алғашқы жарнасын біздің мекеме өз тарапынан төлеп беруге көмектессе, кейін жалақының бір бөлігінен алып отырамыз, - дейді мекеме директоры.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

"Астана Тазалық" компаниясында цифрлық трансформация аясында жаңа қадамдар жасалып жатыр. Сол бастамалардың бірі электронды жол парақшасын енгізу.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Электронды жол парақшасы техниканың қай уақытта, қалай жұмыс істегенін, жүргізушінің қозғалыс бағыты мен тәртібін толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұған дейін қағаз түрінде жүргізілген мәліметтер енді цифрлық жүйеге көшіріліп, тиімділік пен ашықтықты арттырып жатыр. Жүргізуші таңертең жұмысқа келген кезде арнайы мобильді қосымша арқылы QR-кодты сканерлейді де, электронды жол парақшасын іске қосады. Осы сәттен бастап техниканың қозғалыс уақыты, жүрген жолының ұзындығы, жанармай шығыны, техниканың нақты орналасқан жері (GPS), базадан қашан шыққаны мен қайтып оралған уақыты барлығы автоматты түрде тіркеліп отырады. Электронды жүйе адам факторын азайтып, деректерді нақты әрі жедел түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Диспетчер, бригадир және жүргізуші жүйеге әрқайсысы өз құрылғысы арқылы (планшет, компьютер, смартфон) кіріп, ақпаратпен таныса алады, - деді “Астана Тазалық” қызметкері Базыл Сүлейменов.

Жүйе арқылы техниканың қанша уақыт қозғалыста болғаны (мысалы, 41%), қанша уақыт жанармай құю бекетінде тұрғаны (мысалы, 21 минут 20 секунд), қандай жылдамдықпен жүргені, қандай көшелерде жұмыс істегені туралы мәліметтерді көруге болады. Сонымен қатар, жанармайдың шығыны мен құйылған орны туралы мәліметтер де жүйеде нақты көрсетіледі. Электронды жол парақшасы арқылы компания әрбір техниканың жұмыс тиімділігін бақылап қана қоймай, қажет жағдайда шара қолдана алады. Жүргізушінің тәртібі, жанармайды үнемдеуі, техниканың бос жүрісі барлығы бір жүйеде тіркеліп, талданады. 

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Пресс тур аясында "Астана Тазалық" пен Кәсіби технологиялар колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат санитарлық қызмет пен қаланы абаттандыру саласына жаңа мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам. Алғаш рет колледж студенттеріне кәсіпорын базасында ақылы өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі ұсынылды. Алдағы уақытта бұл бағдарлама кеңейтіліп, осындай мүмкіндік басқа да оқу орындарының студенттеріне берілмек.

QR-код, GPS, 3 ауысым: Елорда тазалығы қандай жүйемен қамтамасыз етіледі?

Тәжірибеден өтіп жатқаныма 3 айдай уақыт болды. Шәкіртақыдан бөлек 150 мың теңге көлемінде жалақы беріледі. Мұндағы жетекшілерімнен көп нәрсе үйреніп жатырмын. Машинаның майын ауыстыру, техника жөндеу сынды жұмыстарды істеп жүрмін. Алдағы уақытта осы мекемеде жұмысымды жалғастырғым келеді, - дейді Құдірет Кенжеғұл.

"Астана Тазалықтың" жұмысы тек қар күреу немесе шаң сыпыру емес, бұл қала мәдениетінің, өркениетінің ажырамас бөлігі.

Өзгелердің жаңалығы