Елімізде қосымша құн салығының мөлшері 16% болады, ал ҚҚС шегі 40 миллион теңге деп белгіленеді.
Үкімет тарапынан Парламентке келген Салық кодексінің жобасы белгілі бір компромистік шешімдерге негізделгені байқалады.
Бұл енді реформа емес, бұл коррекция. Салық реформасы дегенде белгілі бір жүйені түбегейлі өзгерту, ескі тәсілдерден жаңа жолға көшуді күткенбіз. Сондықтан реформаның мәні кетті. Қосымша құн салығы бойынша шектің жылына 40 миллион теңге болуы орта бизнестің өсуіне жол ашпайды. Себебі әлі де салықтан жалтаруға саңылау бар.
Егер бұл шектеу төменірек – мысалы, 15 немесе 18 миллион теңгеге дейін болса, орта бизнес үшін мұндай мүмкіндік болмас еді. Үкімет бастапқыда реформаны терең және толыққанды жүргізуді мақсат етіп қойған болса да, ақыр аяғында шыбық сияқты сынды да қалды.
Ал тура осы кезде әлемдегі мұнай бағасының төмендеу фазасына келіп қалдық. Келесі жылы мұнай бағасы тағы төмендесе, мынадай жартылай реформамен мемлекеттік қаржы мәселесін шешу мүмкін болмайды.