Қояндар қорлық көрді: Шымкенттегі хайуанаттар бағындағы қоршауға анасы баласын кіргізген

Шымкенттегі хайуанаттар бағында жануарларға дұрыс қарамаудың дерегі тіркелді.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 14:09
Бүгiн 2026, 14:09
132
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент хайуанаттар бағында келуші әйел ұлын қояндар вольеріне кіргізіп, жануарларды үркіткен. Оқиғаға күзет араласып, ереже бұзғандарға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұл туралы қалалық хайуанаттар бағының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға қояндар вольерінде болған.

Ескерту тақтайшаларына қарамастан, яғни қоршаудан әрі өтуге, әсіресе ашық вольерге кіруге болмайтыны жазылғанына қарамастан, келушілердің бірі өз ұлын ішке жіберген.

Бала вольер ішінде жүгіріп, үркіп қашқан қояндарды қуалап, ұстап әлек болған. Ал анасы бұл көріністі видеоға түсіріп тұрған.

Бұл жағдайдан тек ана мен бала ғана «рақат» көрген, ал онсыз да үркек қояндар қатты күйзеліске түскен.

Оқиғаға хайуанаттар бағының күзет қызметі араласқан.

Анасы мен баласына зоопаркте жүрудің баршаға белгілі ережелері жеке түсіндірілді: жануарларды мазалау, оларға стресс тудыру, әсіресе вольерге кіру – қатаң түрде тыйым салынған. Мұндай әрекеттер балалардың өздері үшін де қауіпті.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейде ер адамдардың балалар биологиялық орталығындағы арыстандардың назарын аудару үшін вольерге тас лақтырғаны бейнеленген видео тараған болатын. Бейнежазбаны келушілердің өздері түсірген болуы мүмкін деп болжануда. Ер адамдар арыстандарға тас лақтырып, полиция тексерісті бастаған еді. Кеше, яғни 2026 жылғы 13 сәуірде белгілі болғандай, ер адамдар жазаланды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх