Қостанайлық диқандарға алғашқы «Кировец» тракторлары мен «ESSIL» комбайны табыс етілді

17 Тамыз 2022, 15:25
991
Бөлісу:
Қостанайлық диқандарға алғашқы «Кировец» тракторлары мен «ESSIL» комбайны табыс етілді
PHOTO
Фото: автордан

Алқабы астыққа толы қостанайлық диқандар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан игі бастаманың шарапатын көруде, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Соған дәлел, бүгін  «Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг» бағдарламасының аясында «АгромашХолдинг KZ базасында» « Кировец» екі тракторы мен»ESSIL» комбайны салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті.

Қостанайлық диқандарға алғашқы «Кировец» тракторлары мен «ESSIL» комбайны табыс етілді

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Қостанай филиалының директоры Әлібек Қарайдаровтың айтуынша, жеңілдікті лизинг бағдарламасына қатысуға өтінімдерді  «ҚазАгроҚаржы»АҚ барлық филиалдарында  беруге болады.

Қазір Қазақстанның 11 өңірінің диқандарынан жалпы құны14,6 млрд теңге болатын187-ден астам өтінім келіп түсті. Өздеріңіз көріп тұрғандай «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанайдағы филиалында « Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы» бойынша рәсімделген 3 техниканы өз иелеріне беріп отырмыз. Жалып, «Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг» бағдарламасын іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде 30 млрд теңге «Жасыл Даму» өнеркәсіпті дамыту қоры қаражатын болса, 10 млрд теңге «ҚазАгроҚаржы» капиталынан қарастырылған. Бұл қаражат тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беруге ғана жұмсалады, - деп атап өтті Әлібек Қарайдаров.

Қостанайлық диқандарға алғашқы «Кировец» тракторлары мен «ESSIL» комбайны табыс етілді

Бүгін өтінімдері алғашқылардың қатарында қабылданған «Өтемісов» шаруа қожалығы  «АгромашХолдинг KZ» АҚ кәсіпорында өздері қалаған  ESSIL 750 комбайнды тақымдады.

Қостанайлық диқандарға алғашқы «Кировец» тракторлары мен «ESSIL» комбайны табыс етілді

Біз бұл бағдарлама диқандар үшін аса қажет. Біз отандық техниканы тиімді шарттармен, атап айтқанда ESSIL 750 комбайнын сатып алдық. Техниканы дер кезінде алып отырмыз. Бұл өте қуантады. Өйткені 2-3 күннен кейін егін орағын бастаймыз, - дейді «Өтемісов» шаруа қожалығының басшысы Олжас Өтемісов.

Айта кету керек, бұл бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бағытталып отыр. «Өтемісов» ШҚ  осы шағын салаға жатады. Оның егіс алаңы шамамен 700 га құрайды.

Бұл бағдарлама еліміздің ауыл шаруашылығы паркін жаңарту мүмкіндігін кеңейтеді. Шарттар өте тиімді. «АгромашХолдинг KZ» АҚ және «Қостанай трактор зауыты»ЖШС зауыттары  жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асыруға дайын.Оған қажетті техниканың бар екенін сенімді түрде айта аламыз. Бұл ESSIL комбайндары, сондай - ақ LOVOL және КИРОВЕЦ тракторлары, - деп түйіндеді «Агромашхолдинг KZ» АҚ коммерциялық директоры Николай Пархоменко.

Жеңілдікті бағдарлама бойынша Кировец тракторларының илерінің бірі Арқалық қаласының «Көктем» шаруа қожалығы болса,  Сарыкөл ауданының «Майбасова Зарина Магомедовна» шаруа қожалығы екінші торкторды иеленді.

Мен машина-трактор паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту стратегиясын жалғастырып жатырмын. Бізде осыған дейін ESSIL 740 комбайны бар, бүгінде жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша «Қостанай трактор зауыты»ЖШС өндірген Кировец К-735 тракторы жылдық 6 пайызбен ресімдедік. Жақында қосымша 1500 га жер алдық. Дәл Кировец бізге осы алаңды өңдеуге көмектеседі, - деп ағынан  жарылды  «Көктем» ШҚ басшысы Сұлтанбек Сейітов.

Бағдарламаны іске асыру үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер 1500 бірліктен астам трактор мен комбайн дайындап қойған. Сондықтан тапшылық болмайды. 

Қостанайлық диқандарға алғашқы «Кировец» тракторлары мен «ESSIL» комбайны табыс етілді

Бағдарламаның тиімді шарттары сыйақы мөлшері 6%, аванстық төлемнің болмауы. Лизинг мерзімі 10 жылға дейін және негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең болып табылады. Диқандарға айналым қаражатын босатуға және астық жинау науқаны кезеңінде шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін 20 жылға есептелген Бағдарлама бойынша одан әрі қаржыландыру револьверлік негізде жүргізілетін болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түскен төлемдер жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан  айналымғажіберілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы