Қостанайға «Алтын адам» келді

13 Наурыз 2023, 09:45
1648
Бөлісу:
Қостанайға «Алтын адам» келді
PHOTO
Фото: Қостанай облысы әкімдігі баспасөз қызметінен

10 наурыздан бастап Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көне тарихымыз сақ дәуірінен сыр шертетін  жәдігерлерден тұратын көрме өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ  сол өңірдегі тілшісі.

Тобыл өңірінде 21 сәуірге дейін болатын экспозиция «Ұлы дала билеушілері» деп аталады. Оны  Ұлттық музей ұйымдастырып отырғанын айта кеткен жөн.

Көне жәдігерлердің қатарында сақ кезеңінде қолданылған әртүрлі әшекей бұйымдардың түпнұсқалары, Алтын адамдар мен олардың қайта қалпына келтірген киімдерінің үлгілері бар.

Қостанайға «Алтын адам» келді

Біздің тараптан  Қостанай облысының әкімдігі мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Ұлттық музейдің көрмелерінің каталогтарын сыйға тарқым келеді, - деді ашылу салтанатында Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

Көрменің ашылуына өңірдегі көптеген тарихшы, Қостанайдың құрметті азаматтары жиналды. Әсіресе, бұған дейін  «Алтын адамды» тек оқулықтардан көрген жастардың қарасы қалың болды. Мұражай қызметкерлері көрмеге келген қонақтардывң барлығын әсем ән мен  мерекелік дастархан жайып қарсы алды.

Қостанайға «Алтын адам» келді

Қызыл лентаны кесіп, көрмені ашық деп жариялау құрметіне тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы мен  халық ақыны Әсия Беркенова ие болды.

Енді экспонаттардың өздеріне тоқталсақ . Экспозицияның бірінші бөлімінде «Есік Алтын адамы» деп аталады. Онда 1960 жылдардың аяғында археолог Кемал Ақышевтің жетекшілігімен жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында қазба жұмыстары кезінде біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырларға жататын «сақ көсемінің» жерленген жерлері туралы мәлметтер мен заттай деректер қойылған.

Қостанайға «Алтын адам» келді

Сондай-ақ, бұл бөлімде жерлеу рәсімі кезінде киілетін «Алтын адам» киімінің жаңартылған үлгісі де бар. Жауынгердің киіміндегі төрт мыңнан астам алтын зергерлік бұйымдар металды өңдеудің әртүрлі құю, соғу, мүсіндеу, гравюра, бедерлеу және ою әдістерімен жасалғаы туралы нақты көрсетілген.

Экспозицияның екінші бөлігі «Сармат көсемі» деп аталады. Бұл бөлімде Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы, Құлсары кентінен солтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан Аралтөбе қорғанынан табылған б.з. д. 1 ғасырдағы сармат тайпалары басшысының жаңартылған нұсқасын көріп еркісіз таңдай қағасыз.

Қостанайға «Алтын адам» келді

Тарих оқулықтарында Аралтөбе қорғаны 1999 жылы Археология институтының зерттеулері нәтижесінде табылғанын еске саламыз. Оның ашылуына қазақтың атақты ғалымдары А. Х. Марғұлан және Зайнолла Самашев бастаған халықаралық археологиялық экспедицияның көп еңбек сіңірді. Тарихта Алтын адамнан кейін ғылымда табылған екінші сармат тайпасына жататын алтын киімді билуші.

Экспозицияның үшінші бөлімі «Таксай қазыналары» деп аталды. Онда  2012 жылы БҚО Теректі ауданында орналасқан Такса-1 қорғанындағы Мұрат Сыдықовтың жетекшілігімен тарих және археология орталығының тобы тапқан  археологиялық қазба жұмыстары барысындағы көне жәдігерлер бар. Онда сарматтан шыққан әйелдің жерленген жерінен шыққан заттай деректер қойылған. Қорған біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жатады.алтын зергерлік бұйымдардан басқа, қола айна, сармат діни қызметкерлерінің атрибуттары мен ғұрыптық заттарды кездестіресің.

Осы орайда кезкелген Қостанай облысының тұрғындары көне тарихын зерделейтін «алтын адамдардың» көрмесін  21 сәуірге дейін тарихи-өлкетану мұражайында көре алатыны айта кеткеніміз жөн. Мұражайдың жұмыс уақыты сейсенбіден жексенбіге дейін – 10:00-ден 17: 00-ге дейін, дүйсенбі-демалыс. Көрме тегін.

Өзгелердің жаңалығы