Қостанайдағы тоқ соққан қызды емдеуге елордадан дәрігерлер барады

30 Тамыз 2023, 18:13
1439
Бөлісу:
Қостанайдағы тоқ соққан қызды емдеуге елордадан дәрігерлер барады
Фото: Артём Чурсинов

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері «көбік кешінде» тоқ соққан Ұзынкөл ауданы тұрғынының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызды емдеуге Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандарын тарту жөнінде шешім қабылданды.

Мекеме жетекшісі Данияр Жандаевтың айтуынша, кішкентай қыз Ұзынкөл аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен. Болған оқиға туралы аудандық аурухана өкілдері облыстық балалар ауруханасына хабарлаған.

Санитарлық авиациямен реаниматологтар келу керек деген шешім қабылданды. Қыз мұқият тексеруден өткізілген соң облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол қазір де сонда ем алып жатыр,-деді Жандаев.

Ол мамандар Қостанай облысының балалар ауруханасына ертең келеді.

Біздің дәрігерлер қыздың денсаулығын нығайтуға бар күш-жігерін салып жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды тоқ соққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы