Қостанайдағы өрт. Зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілді?

10 Мамыр 2022, 14:53
1837
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт. Зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілді?
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін өрттен зардап шеккен Қостанай тұрғындармен кездесу өтті.

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Т.Нұрмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасарлары В.Н.Ионенко, Е.М.Спанов және қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Н.Сәндібеков мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

12 астам тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылыс және 4 автокөлік сонымен қатар 2 тұрғын үй ішінара зардап шекті.

Бұл оқиғадан кейін қалаға төтенше жағдай енгізілген болатын.

Қазір таңда төтенше жағдайларды жою жөніндегі қалалық штабпен төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.

Мемлекеттік органдарға зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгіннен бастап тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жедел комиссия өрт салдарынан жойылған мүліктің құнын анықтау жұмыстарын бастады.  Қорытындыны тезірек беру туралы тапсырма берілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, 13 отбасы зардап шекті, оның ішінде кәмелетке толмаған 13 бала және оның 7-уі мектеп оқушылары.

«Дружба» диспансері адамдарды уақытша орналастыру үшін дайындалды.

Алғашқы қажетті көмек ретінде тартылған қаражат есебінен әрбір отбасына 200 мың теңгеден төленді.

Әлеуметтік көмек көрсету ережесіне сәйкес, жұмыспен қамту бөлімі әрбір зардап шеккен отбасына 70 АЕК (214 410 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсете бастады.

Зардап шеккендерге азық-түлік пакеті түрінде материалдық көмек көрсетіледі.  Жеткізуді облыстық әлеуметтік даму басқармасына тартылған еріктілер ұйымдастырады.

7 оқушыға тегін ыстық тамақ беріліп, кеңсе тауарлары, киім-кешек сатып алынады, кәмелетке толмаған 2 оқушыға қажетті киім-кешек, аяқ киім беріледі.

Заң қызметі, жер қатынастары, сәулет бөлімі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарын бастады, төтенше жағдайлар бөліміне мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті ақпаратты беру тапсырылды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша зардап шегушілер iKomek ахуал орталығына 109 телефоны арқылы хабарласа алады.

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штабтың жұмысы Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы