Қостанайлық полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Лисаков қаласының “102” пультіне Әйет өзенінің жартасында қыздың тұрғанын, суға құлап кетуі мүмкін екендігі туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері Сейл Құрбанов пен Әйтен Шайдановтың құрамындағы автопатруль жіберілді. Олар қызды жедел тауып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
Біз айтылған орынға уақытында келдік. Өйткені 18 жастағы қыз күйзеліс жағдайында болды. Оның биік жағалауда тұруына жас жігітпен жанжал себеп болған, – деді Сейіл Құрбанов.
Қыздың әкесі қызын құтқарғаны үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.
Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінде полиция қызметкерлері Сейл Құрбановтың ішкі істер органдарында 2018 жылдан бастап, Әйтен Шайдановтың 2008 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде олар қиын жағдайға тап болған азаматтарға талай көмек көрсетті және төтенше жағдайларда жұмыс тәжірибесіне ие.