Қостанайда жанар-жағармай талондарын заңсыз сатқандар ұсталды

2 Тамыз 2022, 09:36
1130
Бөлісу:
Қостанайда жанар-жағармай талондарын заңсыз сатқандар ұсталды

Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын үшінші тұлғаларға заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен өзге тұлғаларға сатып жіберген. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн теңге материалдық залал келтірген. 

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды. 
 

Өзгелердің жаңалығы