Қостанайда жаңа шойын құю зауыты іске қосылады

25 Мамыр 2024, 07:42
561
Бөлісу:
Қостанайда жаңа шойын құю зауыты іске қосылады
Фото: gov.kz

Қостанайда ел экономикасының жаңа локомотивіне айналуы тиіс жоғары технологиялық екі зауыттың біреуінің құрылысы аяқталуға таяу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыт көлік қозғалтқыштарының блоктары мен жүк машиналарының қозғалтқыш редукторлары бар корпустарды шығаратын болады.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов инженерлермен кездесіп, іске қосу-реттеу жұмыстарының барысын, кадрларды даярлау, мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ өндіріс ошағына кірме жолдарды салуды және объектіге инженерлік коммуникацияларды өткізу іспетті инфрақұрылымдық жұмыстарды талқылады.

Инвесторларды қолдау мақсатында қуаты 224 МВт "Батыс" қосалқы станциясы іске қосылды, ол индустриялық аймақ аумағындағы барлық кәсіпорындарды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, біздің алдымызда елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру" міндеті тұр. Сондықтан өңдеу секторын жедел дамытуға баса назар аудару қажет, - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, индустриялық секторда инвестициялар тарту және жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы