Қостанайда жалған ақша сату факісінің жолы кесілді

14 Қазан 2022, 11:08
972
Бөлісу:
Қостанайда жалған ақша сату факісінің жолы кесілді
PHOTO

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталды.

Қостанайда жалған ақша сату факісінің жолы кесілді

Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды.

Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды.

Қостанайда жалған ақша сату факісінің жолы кесілді

Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты.

Заң бұзушылар ұсталды, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Өзгелердің жаңалығы