Қостанайда сотталғандарды бақылауға электронды білезіктер қолданыла бастады

7 Қыркүйек 2023, 20:16
695
Бөлісу:
Қостанайда сотталғандарды бақылауға электронды білезіктер қолданыла бастады
Фото: polisia.kz

Қостанайда сотталғандарды бақылау үшін электронды білезіктер қолданыла бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай қаласында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалаудағы адамдарға арналған электрондық білезіктер орнатыла бастады. Электрондық бақылау құралы, ең алдымен, жазаны өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылады. 

Жергілікті полиция қызметі заңды талаптарды орындамаған сотталғандарды бақылауға алуға ниетті. Осы мақсатта 10 электронды бақылау құрылғысы бөлінген. Қазіргі уақытта білезіктерді қайта қылмыс жасауға бейім адамдарға орнатады.

Білезік бауын алу оңай емес. Құрал жеңіл, ыңғайсыздық тудырмайды. Су өткізбейді. Зарядтау бірнеше күнге созылады және сотталған адам құрылғыны үнемі зарядтауға міндетті. Білезік кигеннен кейін біз сотталушының әрбір қимылын GPRS арқылы көре аламыз. Барлық ақпарат планшетте болады, – деді Қостанай қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Жүсіпов. 

Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметінде есепте 138 адам, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және сот оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеген 18 адам тұр.

Өзгелердің жаңалығы