Қостанайда өрттен 4 адам қаза тапты

28 Наурыз 2022, 13:32
1637
Бөлісу:
Қостанайда өрттен 4 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 27 наурызында сағат 13:57-де Қостанайдағы Тобольская көшесіндегі 2 қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт үйдің екінші қабатында болған.

Өрт орнында үй-жайды жалға алған 1988 жылы туған азаматтың  денесі табылды, өрт кезінде зардап шеккен 1985 жылы туған тұрғы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Көрші бөлмеде өрт сөндірушілер 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың мәйітін тапты, - делінген хабарламада.

Сағат 15:05-те өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істейді. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы