Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті

28 Мамыр 2023, 03:25
1162
Бөлісу:
Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: Артём Чурсинов

Қостанайда 13 жастағы оқушы қыз абайсызда төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 27 мамырда Шаяхметов көшесіндегі №169 үйде болған.

Қыз баланың терезеден қарап тұрып, байқамай құлап кеткеніне куә болған көршілері бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған. Қыз бала бірнеше жері сынып, ауруханаға жатқызылды.

Пәтерде одан бөлек тоғыз жастағы сіңлісі мен екі жастағы інісі болған.

Қостанай облыстық ПД жыл басынан бері өңірде терезеден құлап кетудің сегіз жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы