Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Төтенше жағдай қызметкерлері пәтер ішіндегі және көршілес бөлмелердегі қауіпті жерден төрт адамды қауіпсіз жерге шығарды. 

 pixabay Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
97
Фото: pixabay

Қостанайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 4 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдай қызметкерлері пәтер ішіндегі және көршілес бөлмелердегі қауіпті жерден төрт адамды қауіпсіз жерге шығарды. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының арқасында тілсіз жау тез арада ауыздықталды. Жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Наверх