Қостанайда көпқабатты 5 баспананың құрылысы тоқтатылды

4 Маусым 2022, 08:10
1237
Бөлісу:
Қостанайда көпқабатты 5 баспананың құрылысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда көпқабатты 5 баспананың құрылысы бір айға тоқтатылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Прокуратура мердігер компанияны сәулет-құрылыс заңнамасын бұзды деп айыптады. Олар жобалау-сметалық құжатына сараптама жасатпай, іске кірісіп кеткен. Техникалық-авторлық қадағалау да жасалмаған. Құжаттарынан шикілік табылған компанияларға 612 мың теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ тағы 2 құрылыс ұйымы үлескерлерден заңсыз ақша жинаған. Компания  тұрғын үйдің қазығын қақпай жатып, пәтерлердің барлығын сатып жіберген. Бұл компанияға қанша үлескер қаржы салғаны әзірге белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы