Қостанайда конькимен жүгіруден ел біріншілігі өтті 

10 Ақпан 2024, 00:45
457
Бөлісу:
Қостанайда конькимен жүгіруден ел біріншілігі өтті 
Фото: видеодан скрин

Қостанайда жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден ел біріншілігі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі додаға 8 облыстан және Астана мен Алматыдан 200-ге жуық спортшы қатысты. Олар жас ерекшелігіне қарай 4 топқа бөлініп, 5 қашықтықта сынға түсті. Арасында халықаралық жарыста танылғандар бар.

Бұл жарысты іріктеу турнирі десе болады. Алғашқы үштікке кірген жүлдегелер еліміздің жастар және жасөспірімдер құрамасына қабылданады. Ал нормативті орындағандарға спорт шеберлігіне үміткер және спорт шебері атағы беріледі, - деді конькимен жүгіруден Қостанай облысының аға бапкері Инна Филиппова.

Өзгелердің жаңалығы