Қостанайда интернет-алаяқ ұсталды

23 Мамыр 2023, 21:19
622
Бөлісу:
Қостанайда интернет-алаяқ ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қостанайда интернет-алаяқты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталмаған 31 жастағы интернет-алаяқты ұстады.

Күдікті шөп сату туралы хабарландыру жариялады. Сол күні ол 200 бума шөп сатамын деп 140 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған.

Келісілген мекен-жайға жеткізу жүзеге асырылмаған кезде сатып алушы полицияға жүгінді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы күдіктіні анықтап, одан 2 ұялы телефон, ноутбук заттай дәлелдемелері тәркіленді.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас деректерді анықтау үшін тергеу жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Өйткені алаяқтың шотына қысқа уақыт ішінде 9 млн теңгеден астам қаражат түскен.

Өзгелердің жаңалығы