Қостанайда инсульт орталығы ашылды

28 Желтоқсан 2022, 20:52
1295
Бөлісу:
Қостанайда инсульт орталығы ашылды
PHOTO

Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысы Әулиекөл аудандық орталық ауруханасының негізінде инсульт орталығын құруға және жарақтандыруға 1 миллиард теңге бөлді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөлінген қаражатқа мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуын диагностикалау үшін жоғары дәлдіктегі заманауи аппараттар сатып алынды, үй-жайларды жөндеу және техникалық даярлау жүргізілді.

Жаңа инсульт орталығы облыс орталығынан шалғай аудандарда – Әулиекөл, Наурызым және Қарасу аудандарында тұратын 100 мың адамға дейін шұғыл көмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Бұрын тексеруден өту үшін тұрғындар жолда бірнеше сағат жүруге мәжбүр болды, ал су тасқыны мен қар үлкен көлемде жауған маусымдарда білікті көмекке қол жетімділік одан да күрделене түсті. 

Қостанайда инсульт орталығы ашылды

Инсульт кезінде диагностика мен медициналық көмек көрсету жылдамдығы өте маңызды, өйткені уақтылы басталған емдеу жазылу пайызын айтарлықтай арттырады. Жаңа жабдықты алуға қуаныштымыз, енді біз диагностикалық тексерулерді өз бетімізше жүргізіп, уақыт жоғалтпай, емдеуді тез арада бастай аламыз. Сонымен қатар, біз емделушілерге арналған 300 төсек орнаттық, сондықтан біздің аудан тұрғындары барлық қажетті көмекті бір жерден ала алады, - деді Әулиекөл орталық ауруханасының бас дәрігері Сергей Шульгин.

Инсульт орталығының диагностикалық бөлімі General Electric Healthcare компаниясы шығарған компьютерлік томограф пен ангиографтан тұрады. Өнімділігі жоғары компьютерлік томографтың сәулелік жүктемесі төмен және оны металл имплантаттары бар науқастарды диагностикалау үшін пайдалануға болады.  Заманауи шешімдерді қолдану арқылы дәрігерлер аз уақыт ішінде көбірек зерттеулер орындауға және науқастар ағынын тиімдірек басқаруға мүмкіндік алады. Ангиограф қан тамырларын зерттеуге арналған және оларды үлкен шолу бұрышында бейнелеу мүмкіндігін қолдайды. Қазіргі уақытта барлық жабдықтар орнатылды және сыналды. Әулиекөл ауруханасының медициналық персоналы жаңа аппараттарда жұмыс істеу үшін кәсіптік оқытудан өтуде. 

Қостанайда инсульт орталығы ашылды

Заманауи инсульт орталығы облыс орталығынан шалғай аудандардың тұрғындарын шұғыл көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, осылайша «алтын сағат» қағидаты бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің уақтылығын қамтамасыз етеді. Өзімнен және Әулиекөл ауданының тұрғындарынан Болат Өтемұратов Қорының басшылығы мен қызметкерлеріне жаңа заманауи инсульт орталығының құрылысына көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін алғысымды білдіремін. Тұрақты даму мен өркендеу тілеймін, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Қостанайда инсульт орталығы ашылды

Соңғы уақытта белгілі филантроп және кәсіпкер Болат Өтемұратов негізін қалаған Қор Қазақстанда Қосшыдағы қоғамдық орталық пен мектепті, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы жолаушылар әуежайының терминалын қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға 80 миллион доллардан астам қаражат бөлді. 

Өзгелердің жаңалығы