Қостанайда бос жатқан 21 мың гектар жерді мемлекет қайтарып алды

Қостанай облысында ауыл шаруашылығына арналған ірі учаскелердің ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталды. Сот жерді мемлекетке қайтару туралы шешім шығарды.

22 Қыркүйек 2026, 10:08
АВТОР
 pixabay.com 22 Қыркүйек 2026, 10:08
22 Қыркүйек 2026, 10:08
134
Фото: pixabay.com

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі учаскелерді ұзақ уақыт пайдаланбай жүрген жер заңнамасын өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша сот жосықсыз жер пайдаланушылардан жерді мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 112 476 501 теңге болатын 21 388,8 га жайылым мен егістік жер іс жүзінде мемлекеттік меншікке қайтарылды. Сонымен бірге, осы учаскелер Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) базасында тіркеуден алынып тасталды және жерлер мемлекетке ресімделді, - деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасы.

Қайтарылып алынған активтер ауданның арнайы жер қорына аударылды және шаруашылық жүргізу және өңірдегі жайылым тапшылығын жою үшін жергілікті тұрғындар мен адал фермерлер арасында конкурстық негізде бөлінетін болады.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Тағы оқи отырыңыз: Жер телімі бос жатса, мемлекет оны қай кезде алып қоя алады? – заңгер жауабы 


 

Наверх