Қостанайда 4 адамды алдап кеткен полицей сотталды

29 Қазан 2022, 20:48
5823
Бөлісу:
Қостанайда 4 адамды алдап кеткен полицей сотталды

Қостанай қаласында бірнеше адамды жарты миллион теңгеге алдап кеткен экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, М. есімді айыпталушы 2021 жылдың қазан айы мен 2022 жылдың 31 мамыры аралығында полиция қызметкері бола тұра, 4 жәбірленушіден жалпы сомасы 441 000 теңге ақша алған.

Сол үшін жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық және теориялық емтихандарды тапсыруға көмектесуге уәде еткен. Сотта экс-полицей өз кінәсін мойындады. Процессуалдық келісімге де келді.

Прокурор оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 410 000 теңге айыппұл салуды сұраған. Сотталушы мүліктік залалды ерікті түрде өтеп берді. Моральдық және өзге де зиянды төледі. Асырауында кәмелетке толмаған баласы бар.

Бірақ қабылдаған антын бұзуы жазаны ауырлататын жәйт ретінде қарастырылды. Соттың шешімімен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ 4 410 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Өзгелердің жаңалығы