Қостанай облысындағы өрт: Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда

4 Қыркүйек 2022, 11:48
1478
Бөлісу:
Қостанай облысындағы өрт: Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда
PHOTO

Қостанай облысының ПД полиция қызметкерлері Әулиекөл ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер өртті сөндіруге қатысып жатыр және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыруда. Өрт ошағын жою кезінде ЖКО фактілері мен адамдардың қаза болуына жол берілген жоқ. 

Республикалық маңызы бар Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолы патрульдермен күшейтілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. 

Қостанай облысындағы өрт: Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда

Өткен тәулікте полицейлер Озерное кентінде үйден өз бетінше шыға алмаған мүгедек әйелді эвакуациялауға көмек көрсетті. Сонымен қатар Аманқарағай ауылында 60 жастағы ер адам құтқарылды. 

Қостанай облысындағы өрт: Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда

Қостанай – Әулиекөл тас жолының 96-шақырымында полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде күйік шалған ер адам ес-түссіз табылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Елді мекендерде тонау фактілерін болдырмау үшін полиция жасақтары күшейтілді. 

Қостанай облысындағы өрт: Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда

Сондай-ақ жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 3 қыркүйекте сағат 21:15-те республикалық маңызы бар тас жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді. Полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құрылғысының көмегімен тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі туралы ескертті. ТЖМ-мен бірлесіп 1800-ден астам адам эвакуацияланды. Бұған дейін полиция қызметкерлері Қостана қаласындағы “Оружейная палата” дүкеніндегі өртті сөндіру және тұрғындарды эвакуациялау кезінде көмек көрсеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы