Қостанай облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

21 Желтоқсан 2021, 09:54
1437
Бөлісу:
Қостанай облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында жаңа жыл алды кезеңде қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

17-31 желтоқсан аралығында Қостанай облысының аумағында табиғатты қорғау және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп, жаңа жыл алды кезеңде қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау, сатуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. 

Қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сатудың алдын алу мақсатында облыста 24 мобильді топ құрылды, олар автомобиль жолдары бойында, орман отырғызу орындарында тәулік бойы кезекшілік етуде. Полиция және орман қорғау органдары қызметкерлерімен қылқан жапырақты алқаптар, орман шаруашылықтарын аралау, базарлар мен басқа да нүктелерде қылқан жапырақты жас ағаштарды тасымалдау және сатудың заңдылығы тұрғысынан рейдтер жүзеге асырылды. 

Облыстық ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазиннің айтуынша, бүгінгі күні қылқан жапырақты ағаштарды сатуға арналған тиісті құжаттары бар 26 сауда орны тексерілді. 

Дегенмен полицейлер орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдағаны үшін тәртіп бұзушы ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы