Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

8 Сәуір 2024, 01:34
318
Бөлісу:
Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: скрин

Қостанай облысында жағдай тұрақты қауіпті. 25-наурыздан бастап даладағы су өңірдің оңтүстігінен, атап айтқанда Арқалық, Амангелді, Жангелді жағынан келді. Ол жақта жағдай қазір тұрақты. Бүгінгі таңда төтенше жағдай 6 елді мекенде жарияланды. Олардың ішінде Қостанай мен Рудный қаласы бар. Себебі, Тобыл өзені көтеріліп, мұнда үйлерді су басу қаупі бар. Қостанай облысында 328 үй және 406 аула аумағы су астында қалды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Қостанай ауданы мен Рудныйда 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 44 бала бар.

Жеке құрам мен сырттан келген волонтерлар, әскерилер, полиция департаментінен 2700 – ден астам адам қызмет етуде. 443 техника, 144 су сорғыш заттар бар. Қостанай облысына Қызылорда облысынан, Қарағанды облысынан, Астана қаласынан 285 адам, 21 техника көмекке келді. Құтқару жұмыстары жалғасуда, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы