Қостанай облысында қар құрсауынан екі адам құтқарылды

14 Ақпан 2024, 19:51
311
Бөлісу:
Қостанай облысында қар құрсауынан екі адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Құтқарылғандар тұрғылықты жері Новое ауылына эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқару жұмыстарына қатысқан құтқарушылар: Тимур Нұғыманов, Игорь Шрайнер және Жәнібек Мәкенов - Қостанай облысы ТЖД Сарыкөл ауданының 23-ӨСБ қызметкерлері.

Сарыкөл кентінен Новый кентіне қарай шамамен 40 км жерде құтқарушылар қар құрсауында кептеліп қалған автокөлікті шығарып, 2 адамды құтқарды.

Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы