Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі

18 Сәуір 2024, 18:56
256
Бөлісу:
Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Күдікті есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтерінде өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады. Ведомство бұған дейін ол осындай қылмыстар үшін үш рет сотталғанын атап өтті.

Қылмыс санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, қазір мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторында тұр, – деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1,5 келі синтетика тәркіледі.

Өзгелердің жаңалығы