Қостанай облысында питбуль үш жасар қызды талап тастаған

15 Мамыр 2023, 12:14
918
Бөлісу:
Қостанай облысында питбуль үш жасар қызды талап тастаған
Фото: pixabay.com

Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 мамырда Тобыл қаласында болған.

Қыз ауыр халде түсті. Ол шок күйде. Ерні, беті жараланған. Шұғыл ота жасалды. Еріні, беті тігілді. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала белсенді, тамақ ішеді, жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тігістерін бақылып отырмыз. Қабыну жоқ. Температура жоқ. Бірнеше күннен кейін, ең алдымен, тігістерді алып тастаймыз. Содан кейін шығарылады, - деді Игорь Белобржицкий.

Өзгелердің жаңалығы