Қостанай облысында өртке байланысты жедел желі іске қосылды

3 Қыркүйек 2022, 22:35
1200
Бөлісу:
Қостанай облысында өртке байланысты жедел желі іске қосылды

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық Төтенше жағдайлар департаментінен ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. Төтенше жағдайлар департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатқаны айтылған.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.

Өзгелердің жаңалығы