Қостанай облысында орманшылар штаты көбейтілді

23 Маусым 2023, 22:10
851
Бөлісу:
Қостанай облысында орманшылар штаты көбейтілді

Трактор, өрт сөндіру көліктері сатып алынып, материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Одан бөлек, орман алқабын күні-түні бақылайтын бейнекамералар орнатылған. Орман айналасындағы биік мұнаралардың басына 38 бейнебақылау құралы қойылды. Оларды сатып алуға 160 миллион тенге жұмсалды. Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Бір бейнекамера 20 шақырым аумақты қамтиды. Бақылау құрылғылары диспетчерлік пунктпен тікелей байланыста. Егер қандай бір жалын, түтін байқалса, орталықтағы компьютерде қызыл белгі пайда болады. Әзірге камералар сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. 

5-6 шақырымнан кейін ауылдан өткеннен кейін ұялы байланыс ұстамайды. Сол себептен арасында интернет көтермейді, әлсіз. Қала маңайында өрт бақылау мұнарасы жоқ. Сол себепті камералар Beeline мұнарасына орнатылған. Негізінен периметр бойынша қала маңайына қойса жақсы болар еді, - деді Орманды күзету және қорғау жөніндегі бас инженер Болатбек Табылдин.

Өзгелердің жаңалығы