Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

28 Қазан 2022, 19:03
669
Бөлісу:
Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Қостанайлық полицейлер есірткінің ірі партиясын және аңшылық мылтықтың кесіндісін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қостанай облысында “Қарасора-2022” және “Рефлекс” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл арнайы жедел алдын-алу шарасы есірткі бизнесіне қарсы күресте тиімді құралға айналады. 

Жұмыс бірнеше маңызды бағыттар бойынша жүргізіледі – есірткі құралдары мен синтетикалық психоактивті заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу, қылмыстың осы түрлерінің алдын алу. 

Бұл жұмыстың тиімділігі өңірдегі есірткі қылмыстары фактілерінің азаюына және тәркіленген есірткілер санының ұлғаюына әсер етеді. 

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетов 49 жастағы күдіктінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді. 

27 қазанда Қостанай қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлермен 49 жастағы ер адам ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 5 қағаз орама және өсімдік тектес заты бар 14 полиэтилен байламы және өсімдік заты бар 1 полимер пакеті табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 986 гр болатын марихуана есірткі заты болды. Сондай-ақ, шкафта 16 калибрлі аңшылық мылтықтың кесіндісі және оған екі патрон табылды. Күдіктіге қатысты қамауға алудың жолын кесу шарасы сайланды, – деді А. Әлмағамбетов.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабында көзделген “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қостанай облысының ПД жыл басынан бері заңсыз айналымнан 178 кг астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 555 гр. астам героин тәркіленді,  18 кг. 399 гр. – гашиш, 1 кг-нан астам. 690 гр. синтетикалық препараттар.

Өзгелердің жаңалығы