Қостанай облысында 13 мектеп жабылады. Себеп – оқушы жоқ

14 Шілде 2022, 08:51
2242
Бөлісу:
Қостанай облысында 13 мектеп жабылады. Себеп – оқушы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тобыл өңірінде биыл 13 мектеп жабылмақ. Себебі, оқушы жетіспейді, деп хабарлайды AstanaTV.

Кейбір ауылдағы мектеп есігіне  қаңтарда қара құлып салынған. Өйткені онда жалғыз бала оқыған көрінеді. 

Оқушы саны аз мектептер бірден жабылмайды, – дейді облыстық білім басқармасының мамандары.

Оқушы саны көбейіп қалар деген үмітпен уақыт беріледі. Алайда ахуал оңалмаса, орта мектеп негізгіге, ал негізгілер бастауыш мектепке айналады. Одан кейін де оқушы  азайса,  мекеме жабылып, қалған балалар  өзге елдімекендегі мектептерге ауыстырылады. Көрші ауылға қатынау үшін арнайы  автобус бар.  Егер елдімекен шалғай  болса, оқушылар  мектеп жанындағы интернаттарда жатып оқуына мүмкіндік бар. Қазір облыс бойынша 20 мектеп-интернат бар.

Жабылайын деп тұрған 13 бастауыш мектепте 2-3 бала ғана қалайын деп отыр. Себебі, бір мектепте Әулиекөл ауданындағы Целинный мектебін жабу жоспарда болмаған. Бірақ ауылдан  халық кетейін деп отыр. 6 мектептің ішінде бір орта мектеп негізгі мектепке ауыстырылады. 5 негізгі мектеп бастауыш мектепке көшейін деп отыр, – дедіҚостанай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Қарлыға Исмурзина.

Өзгелердің жаңалығы