Қостанай диқандары төрт млн гектар жерге бидай егеді

27 Сәуір 2023, 09:38
1053
Бөлісу:
Қостанай диқандары төрт млн гектар жерге бидай егеді
Фото: oleoscope.com

Қостанайлық диқандар биыл бес миллион гектар жерге дән себуді жоспарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Хабар24 жазды. Соның төрт миллионы ел ырысы – бидайдың үлесінде. Шаруалар әдеттегідей майлы дақылдар, көкөніс, мал азығы алқабын ұлғайтуға баса мән береді. Қазір алқаптарда ылғал жабу жұмыстары жүріп жатыр. 

Осы уақытқа дейін 700 мың гектардан астам жер дайындалды. Облысқа литрі 223 теңгеден 73 мың тонна арзан жанармай кешіктірілмей кестеге сай жеткізіліп жатыр. Диқандарға дала жұмыстарына 30 миллиард теңгеге жуық жеңілдетілген несие берілген. 

Ауа райы қолайлы болса, дән себу жұмыстары мамыр айының алғашқы он күндігінде басталады. Кенжеқозы Жұмақанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: - Форвардтық бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 7,2 млрд теңге бөлінді. 

Қазіргі уақытта «Азық-түлік корпорациясы» арқылы 6,1 млрд теңге берілді. Жұмыс жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы