Қосшыда монша өртеніп кетті

17 Қаңтар 2024, 12:03
435
Бөлісу:
Қосшыда монша өртеніп кетті
VIDEO
Фото: ТЖМ

2024 жылғы 17 қаңтарда сағат 01:51-де «101» нөміріне Қосшы қаласында орналасқан кешеннің бірінде өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өрт орнына Қосшы қаласының, Қабанбай батыр кентінің, сондай-ақ Астана қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. 

Оқиға орнына бірінші жеткен бөлімшемен кешеннің аумағында бөлек тұрған монша шатырының ашық жануы анықталды. Өрт сөндірушілермен қабылданған іс-шаралар аясында, өрт қысқа мерзімде сөндірілді және жақын маңдағы объектілерге оның таралуына жол берілмеді. Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ қызмет көрсету нысандарының иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұрады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде Шымкентте бірнеше құрылыс дүкені өртенді.

Өзгелердің жаңалығы