Қосшыда «Ата дәстүр – ұлттық құндылық» орталығы ашылады

19 Қыркүйек 2022, 23:36
1849
Бөлісу:
Қосшыда  «Ата дәстүр – ұлттық құндылық» орталығы ашылады

Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қосшы қаласында «Ата дәстүр – ұлттық құндылық» орталығы ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қосшы қаласындағы «Дара» бизнес академиясы мектеп лицейінде биылғы оқу жылында  ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттап жас ұрпақ бойына біліммен ұштастыра дарыту мақсатында ұлттық құндылықтарға арналған таңдау пәні кіргізілген болатын.

Бұл пәнде атқа міну, садақ ату, қамшы өру, қымыз ашыту  және тағы да басқа  ұлттық жөн-жоралғыларымыз жайында теориялық білім практикалық біліммен ұштастыра беріледі.

Бүгін 19 қыркүйек күні осы пәнге арнайы жабдықталған кабинет ашылды. Келген қонақтар оқушыларға ат өнері, садақ атудан, қымыз ашыту жайында  оқушылармен қысқаша дөңгелек үстел басында  пікір алмасып, мағлұмат берілді.

Бағдарламада:

- «Ұлттық құндылықтар» кабинетінің ашылуы, Гуманитарлық бірлестік жұмысы.

- Дөңгелек үстел, тренинг./Атқа міну мәдениеті, садақ ату.

Орталық үйірмесінде 5-9 сыныптар салт-дәстүр, мәдениет, жылқы туралы, садақ ату өнері,  атқа міну мәдениеті бойынша дәріс, практикалық сабақ жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы