Қосшыда 3,5 мың оқушыға орын жетіспейді – Ахметов

22 Тамыз 2022, 18:07
1526
Бөлісу:
Қосшыда 3,5 мың оқушыға орын жетіспейді – Ахметов
Фото: автордан

Қосшыда 3,5 мың оқушыға орын жетіспейді. Бұл туралы Қосшы қаласы білім бөлімінің басшысы Қанат Ахметов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Қосшыда барлығы 8640 оқушы бар.

Бүгінгі таңда Қосшы қаласында 4 мектеп салынып жатыр. Соның бірі 1 қыркүйекте қолданысқа беріледі. Ол 1200 балаға арналған мектеп. Қалған салынып жатқан 3 мектептің құрылыс жұмысы келесі жылы бітеді. Қазіргі таңда қала бойынша 3 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның екеуі мемлеккеттік, біреуі жекеменшік мектеп, - деді Қосшы қаласы білім бөлімінің басшысы.

Қанат Ахметов үш ауысымды мектеп мәселесі келесі жылы шешілетінін айтты.

Оқушыларға орын тапшы. Өйткені жаңадан салынған мектептегі 1200 орын оқушыларға берілген күннің өзінде Қосшыда 3,5 мың балаға орын жетіспейді. Келесі жылы 1200 орыны бар екі мектеп тапсырылады және қайырымдылық қорымен салынып жатқан тағы бір мектептің құрылысы аяқталады. Сол кезде Қосшыдағы үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін табады, - деді Қанат Ахметов.

Еске салайық, бүгін  Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қосшы қаласындағы жаңа мектептердің құрылыс жұмыстарымен танысты

Өзгелердің жаңалығы